<> Архив материалов - СПОРТ САЙТЫ
Главная » Архив материалов
Өскеменннің "Восток" клубы Түркияда жаттығу жиындарын өткізуде.








Ел біріншілігіндегі үзілісті жақсы пайдаланған клуб өазір бірнеше жолдастық матчтарға дайындық үстінде. Қазір өскемендік ұжым төрт клуб қаысатын турнирге дайындық үстніде. Оған бұл клубтан басқа жергілікті "Экшихиспор",түрікменнің "МГТУ",қырғыздардың "Абдыш-Ата" клубтары қатысады.









Просмотров: 389 | Добавил: Nyka | Дата: 10.08.2013 | Комментарии (0)

Қарағандылық «Шахтер» футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде шотландиялық «Селтикпен» кездеседі. Алғашқы ойын Астанада 20 немесе 21 тамыз күні, қарымта ойын Шотландияда 27-28 тамызда өтеді. «Селтик» - шотландиялық Глазго қаласының футбол клубы. Шотландия Премьер-Лигасында өнер көрсетеді. Команданың стадионы - «Селтик Парк», сыйымдылығы - 60 832 адам. Еске сала кетейік, «Шахтер» Чемпиондар лигасын екінші раундтан бастаған болатын. Онда қарағандылықтар екі матчта да беларусьтік «БАТЭ» командасынан 1:0 есебімен басым түскен еді. Кейіннен албаниялық «Скендербеумен» кездесіп, ондағы екі ойын нәтижесі 5:3 болған (Астанада өткен ойында 3:0 есебімен жеңсе, Тиранада өткен ойында 2:3 есебімен жеңілген еді). «Селтик» командасы да «Шахтер» сияқты Чемпиондар лигасын екінші раундтан бастады. Ондағы қарсыласы – солтүстік ирландиялық «Клифтонвилл» клубы болды. Екі ойында да шотландтықтар 3:0, 2:0 есебімен жеңіске жеткен. Ал, үшінші раундта жалпы есепте 1:0 есебімен шведтік «Эльфсборг»к ... Читать дальше »
Просмотров: 399 | Добавил: Nyka | Дата: 09.08.2013 | Комментарии (0)

«Ақтөбе» футбол командасы Европа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде исландиялық «Брейдабликпен» қарымта кездесу өткізді. Жауапты матч Исландия астанасы Рейкьявик қаласындағы «Лаугардалсвёллур» стадионында өтті. Айта кету керек, өз алаңында өткен алғашқы ойында «Ақтөбе» 1:0 есебімен қарсыласынан басымтүскен еді. Кездесу нәтижесін букмекерлік кеңселер екі команданың да жеңіске жетудегі көрсеткіштері тең дәрежеде деп болжаған болатын. Нақтырақ айтсақ, «Брейдаблик» жеңісі – 2.69, тең ойын – 3,3, «Ақтөбе» жеңісі – 2.69. Бүгін түнде Исландия астанасында өткен қарымта қайтару ойынында «ақтөбеліктер» есе жіберіп алды. Дегенмен де, жерлестеріміз матч соңындағы пенальтиде карсыластар қақпасына голл салып, жеңіске жетті. Сөйтіп, «Ақтөбе» футбол командасы Европа Лигасының келесі кезеңіне өтті. Бүгін кешке Европа Лигасының плей-офф ойындарына жеребе тарту рәсімі өтеді
Просмотров: 389 | Добавил: Nyka | Дата: 09.08.2013 | Комментарии (0)

Футболдан ФИФА-ның жаңа рейтингі жарияланып, Қазақстан бір саты жоғарылаған. Енді біздің құрама 149 орында. Өткен айдағы нәтижеміз 150-шы орын болатын. 1 (1). Испания - 1484 2 (2). Германия - 1257 3 (3). Колумбия - 1219 4 (4). Аргентина - 1210 5 (5). Голландия - 1165 6 (6). Италия - 1142 7 (7). Португалия - 1099 8 (8). Хорватия - 1098 9 (9). Бразилия - 1089 10 (10). Бельгия - 1079 11 (11). Грекия - 1038 12 (12). Уругвай - 998 13 (14). Босния и Герцеговина -995 14 (15). Англия - 994 15 (16). Швейцария - 987 16 (17). Ресей - 979... 28 (28). Украина - 774... 66 (66). Армения - 534... 73 (78). Беларусь - 482... 97 (98). Грузия - 369... 149 (150). Қазақстан - 172.
Просмотров: 395 | Добавил: Nyka | Дата: 08.08.2013 | Комментарии (1)

Чемпиондар лигасындағы соңғы раунд бойынша қарағандылық «Шахтердің» болжалды қарсыластары анықталды. Олардың қатарында швейцарлық «Базель», шотландтық «Селтик», румындық «Стяуа», чехиялық «Виктория Пльзень» және хорватиялық «Динамо Загреб» бар. Еске сала кету керек, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде қарағандылық футболшылар албаниялық «Скендербеу» командасымен өткен екі матч нәтижесі бойынша жеңіске жеткен болатын. Алғашқы кездесуде 3:0 есебімен «Шахтер» басым түссе, қарымта кездесуде 2:3 есебімен «Скендербеу» ұтқан еді
Просмотров: 464 | Добавил: Nyka | Дата: 08.08.2013 | Комментарии (0)

Өткен аптада отандық телеарналар жағымсыз ақпарат таратып, елді елеңеткізді. Соның ішінде спорт сүйер қауым бұл хабардың рас-өтірігін білмей аңтарылып қалған. Оқиға былай болған: Таэквондодан Қазақстан құрамасы осыдан біраз уақыт бұрын нақтырақ айтсақ, шілденің 10-ы күні Мексикадағы әлем чемпионатына аттанады. Онда республикалық іріктеуден іркілмей өткен 11 спортшы және оларды бастап 4 бапкер кетеді. Жарыс аяқталып, елге келе жатқан жолда құрамада өнер көрсететін бір спортшымыз ойламаған келеңсіздікке тап болады. Мексикадан Ұлыбритания арқылы қатынайтын ұшақ ішінде18 жастағы Азамат Теңізбаев қасында отырған ұлыбританиялық қыз «мені жыныстық қатынасқа итермеледі» деп полицияға шағым түсірген.Ұшақ Лондон әуежайына қонған бетте жергілікті сақшылар Азаматтың қолына кісен салып, сөзге келместен бірден алып кеткен. Міне, сол күннен беріқарай Азаматқа тағылған айыптың рас-өтірігіне ел де, ата-анасы мен туыстары да көз жеткізе алмай келеді. Ал бұл іске байланысты Ұлыбританияда 23-ші тамызда со ... Читать дальше »
Просмотров: 618 | Добавил: Nyka | Дата: 08.08.2013 | Комментарии (0)

Геннадий Головкин Қарағандының Құрметті азаматы атанды Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағын алды. Бүгін Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті ХХІІ сессиясында депутаттар осындай шешім қабылдады. Бұл атақ оған Қарағанды қаласының және Қазақстан Республикасының спортын дамытуға сіңірген елеулі еңбегіжәне жеке үлесі үшінберіліп отыр. Сонымен қатар физика-математика ғылымының докторы, профессор Көкетай Темірғали мен бокстан Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қазбек Ашляев та Қарағандының Құрметті азаматы атанды.
Просмотров: 483 | Добавил: Nyka | Дата: 07.08.2013 | Комментарии (0)

Футболдан соңғы екі маусым бойынша Қазақстан чемпионы атанған қарағандылық «Шахтер» қазақстандық футбол үшін тарихи оқиға – еврокубоктың негізгі топтық кезеңіне енді. Бүгін Албания астанасы Тиранада Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта ойыны албаниялық «Скендербеу» мен «Шахтер» командалары арасында өтті. Өз алаңында (Астанада) өткен алғашқы кездесуде жеңіске жеткен «Шахтер» (3:0) бұл ойында да фаворит саналған. Алайда ойынның бірінші таймында қазақстандық команда үш бірдей гол жіберіп алып, жанкүйерлерін қатты састырды. Үміт пен күдік алма кезек таласып тұрған бірінші таймның соңында шахтерлік Сергей Хижниченконың гол соғуы командаға рух бергендей. Үзілістен кейін ілі-шала Мақсат Байжанов екінші голды соқты. Осылайша, Астанада және Тиранада өткен екі ойынның нәтижесін қосқанда «Шахтер» «Скендербеуден» - 5-3 есебімен басым түсті. Яғни Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтті.
Просмотров: 443 | Добавил: Nyka | Дата: 07.08.2013 | Комментарии (0)

Бүгін Албания астанасы Тиранада өтетін «Скендербеу» - «Шахтер» клубтары арасындағы жауаптыматч алдында «Шахтер» командасының бас баскері Виктор Кумыков баспасөз мәслихатын өткізді. «Біздің алдымызда қарсылас командамен ғана емес, сондай-ақ, ауа райымен де күресу мақсаты тұр», деп бастады сөзін бас бапкер. «Біздің ең алдымен ескереріміз– доп өткізбеу». «Бүгінгі ойын нәтижесі біз үшін асамаңызды. Ұлттық құраманың топтық раундқа шығуына бір-ақ қадам қалды. Осы қарқынды жоғалтпаса, келешекте сапалы ойын көрсетеміз, депсенемін». Тағы бір сөзінде жаттықтырушы: «Скендербеу» - мықты команда. Албаниялық командалардың барлығы өз жерлерінде жақсы ойнайды. Бұған дәлел – «Кукес»-тің донецтік «Металлург» командасын 2:0 есебімен тізе бүктіргені. Бұл команда Албаниядағы «Скендербеуден» кейінгі екінші орында. Мен «Скендербеудің» «Нефтчи» командасымен өткізген кездесуін көрдім. Олар екі тайм бойына, (оған тағы қосымша уақытты қосыңыз) қарсыластарына жан-жақтан шабуыл жасады», деді. «Біз соңғы кездесудің ... Читать дальше »
Просмотров: 438 | Добавил: Nyka | Дата: 06.08.2013 | Комментарии (0)

Футбол жаңалықтары: Моуринью "Барсаны" жаттықтырғысы келеді... "Барселонаның" экс-президенті Жоан Лапорта 2008 жылы Жозе Моуриньюдың каталондық клубқа таңдауы түскенін, алайда, сол уақытта басшылық Хосеп Гвардьоланың қолына көшкенін мәлім етті. - Ол "Барселонаға" барғысы келді, -дейді Лапорта.- Бірақ, сол сәтте Гвардиоланы бас бапкер қылып тағайындауға шешім шығардық. Сонымен бірге, испандық клубтың бұрынғы басшысы қан аздыққаұшыраған Неймарға қатысты бір-екі ауыз пікірін қосакеткен. - Ол өте талантты ойыншы, -дейді Лапорта.- Командаға және Лео Мессиге көмектесуге тырысып жатқаны маған қатты ұнайды. Мессидің орнында болсақ, өзге де біреудің басты назарда болғаны ұнамас еді. Бұлтұста алаң сыртындағы қарым-қатынаста қиындықтар туындауы мүмкін. Фергюсон ашық хат жазды "Манчестер Юнайтед" клубыныңбұрынғы бас бапкері Алекс Фергюсон өзі жазған ашық хатында ағылшын футболының өсіп-өнуін мақтай кетіпті. 71 жастағы маманның сөзіне сенсек, қазіргі таңда ағылшын клубтары өзі футболға келген тұсқа ... Читать дальше »
Просмотров: 1140 | Добавил: Nyka | Дата: 05.08.2013 | Комментарии (1)

« 1 2 3 4 5 6 7 »