Главная »
2013 » Август » 6 » Виктор Кумыков:Шахтердің басты мақсаты гол өткізбеу
16:06 Виктор Кумыков:Шахтердің басты мақсаты гол өткізбеу |
Бүгін Албания астанасы Тиранада өтетін «Скендербеу» - «Шахтер» клубтары арасындағы жауаптыматч алдында «Шахтер» командасының бас баскері Виктор Кумыков баспасөз мәслихатын өткізді.
«Біздің алдымызда қарсылас командамен ғана емес, сондай-ақ, ауа райымен де күресу мақсаты тұр», деп бастады сөзін бас бапкер. «Біздің ең алдымен ескереріміз– доп өткізбеу».
«Бүгінгі ойын нәтижесі біз үшін асамаңызды. Ұлттық құраманың топтық раундқа шығуына бір-ақ қадам қалды. Осы қарқынды жоғалтпаса, келешекте сапалы ойын көрсетеміз, депсенемін».
Тағы бір сөзінде жаттықтырушы: «Скендербеу» - мықты команда. Албаниялық командалардың барлығы өз жерлерінде жақсы ойнайды. Бұған дәлел – «Кукес»-тің донецтік «Металлург» командасын 2:0 есебімен тізе бүктіргені. Бұл команда Албаниядағы «Скендербеуден» кейінгі екінші орында. Мен «Скендербеудің» «Нефтчи» командасымен өткізген кездесуін көрдім. Олар екі тайм бойына, (оған тағы қосымша уақытты қосыңыз) қарсыластарына жан-жақтан шабуыл жасады», деді.
«Біз соңғы кездесудің бірде бірінде гол жібермедік. Бұл Чемпиондар лигасындағы ғана көрсеткіш емес, «Восток», «Ақжайық», «Тобыл» командаларымен кездесуде де осындай жетістік көрсеттік. Бұл – үлкен жетістік. Себебі, футбол тек шабуылдан ғана тұрмайды».
Еске сала кетейік, футбол бәсекесін бүгін «Қазақстан» Ұлттық арнасы 23:45-те тікелей эфирде ұсынады
|
Просмотров: 474 |
Добавил: Nyka
| Рейтинг: 0.0/0 |