<> 07 Августа 2013 - СПОРТ САЙТЫ
Главная » 2013 » Август » 07
Геннадий Головкин Қарағандының Құрметті азаматы атанды Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағын алды. Бүгін Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті ХХІІ сессиясында депутаттар осындай шешім қабылдады. Бұл атақ оған Қарағанды қаласының және Қазақстан Республикасының спортын дамытуға сіңірген елеулі еңбегіжәне жеке үлесі үшінберіліп отыр. Сонымен қатар физика-математика ғылымының докторы, профессор Көкетай Темірғали мен бокстан Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қазбек Ашляев та Қарағандының Құрметті азаматы атанды.
Просмотров: 480 | Добавил: Nyka | Дата: 07.08.2013 | Комментарии (0)

Футболдан соңғы екі маусым бойынша Қазақстан чемпионы атанған қарағандылық «Шахтер» қазақстандық футбол үшін тарихи оқиға – еврокубоктың негізгі топтық кезеңіне енді. Бүгін Албания астанасы Тиранада Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта ойыны албаниялық «Скендербеу» мен «Шахтер» командалары арасында өтті. Өз алаңында (Астанада) өткен алғашқы кездесуде жеңіске жеткен «Шахтер» (3:0) бұл ойында да фаворит саналған. Алайда ойынның бірінші таймында қазақстандық команда үш бірдей гол жіберіп алып, жанкүйерлерін қатты састырды. Үміт пен күдік алма кезек таласып тұрған бірінші таймның соңында шахтерлік Сергей Хижниченконың гол соғуы командаға рух бергендей. Үзілістен кейін ілі-шала Мақсат Байжанов екінші голды соқты. Осылайша, Астанада және Тиранада өткен екі ойынның нәтижесін қосқанда «Шахтер» «Скендербеуден» - 5-3 есебімен басым түсті. Яғни Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтті.
Просмотров: 440 | Добавил: Nyka | Дата: 07.08.2013 | Комментарии (0)