<> БҮКІЛ АЛАШТЫҢ АРМАНЫ ОРЫНДАЛДЫ! - 7 Августа 2013 - СПОРТ САЙТЫ
Главная » 2013 » Август » 7 » БҮКІЛ АЛАШТЫҢ АРМАНЫ ОРЫНДАЛДЫ!
00:32
БҮКІЛ АЛАШТЫҢ АРМАНЫ ОРЫНДАЛДЫ!
Футболдан соңғы екі маусым бойынша Қазақстан чемпионы атанған қарағандылық «Шахтер» қазақстандық футбол үшін тарихи оқиға – еврокубоктың негізгі топтық кезеңіне енді. Бүгін Албания астанасы Тиранада Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта ойыны албаниялық «Скендербеу» мен «Шахтер» командалары арасында өтті. Өз алаңында (Астанада) өткен алғашқы кездесуде жеңіске жеткен «Шахтер» (3:0) бұл ойында да фаворит саналған. Алайда ойынның бірінші таймында қазақстандық команда үш бірдей гол жіберіп алып, жанкүйерлерін қатты састырды. Үміт пен күдік алма кезек таласып тұрған бірінші таймның соңында шахтерлік Сергей Хижниченконың гол соғуы командаға рух бергендей. Үзілістен кейін ілі-шала Мақсат Байжанов екінші голды соқты. Осылайша, Астанада және Тиранада өткен екі ойынның нәтижесін қосқанда «Шахтер» «Скендербеуден» - 5-3 есебімен басым түсті. Яғни Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтті.
Просмотров: 444 | Добавил: Nyka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email:
Код *: