<> 09 Августа 2013 - СПОРТ САЙТЫ
Главная » 2013 » Август » 09
Қарағандылық «Шахтер» футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде шотландиялық «Селтикпен» кездеседі. Алғашқы ойын Астанада 20 немесе 21 тамыз күні, қарымта ойын Шотландияда 27-28 тамызда өтеді. «Селтик» - шотландиялық Глазго қаласының футбол клубы. Шотландия Премьер-Лигасында өнер көрсетеді. Команданың стадионы - «Селтик Парк», сыйымдылығы - 60 832 адам. Еске сала кетейік, «Шахтер» Чемпиондар лигасын екінші раундтан бастаған болатын. Онда қарағандылықтар екі матчта да беларусьтік «БАТЭ» командасынан 1:0 есебімен басым түскен еді. Кейіннен албаниялық «Скендербеумен» кездесіп, ондағы екі ойын нәтижесі 5:3 болған (Астанада өткен ойында 3:0 есебімен жеңсе, Тиранада өткен ойында 2:3 есебімен жеңілген еді). «Селтик» командасы да «Шахтер» сияқты Чемпиондар лигасын екінші раундтан бастады. Ондағы қарсыласы – солтүстік ирландиялық «Клифтонвилл» клубы болды. Екі ойында да шотландтықтар 3:0, 2:0 есебімен жеңіске жеткен. Ал, үшінші раундта жалпы есепте 1:0 есебімен шведтік «Эльфсборг»к ... Читать дальше »
Просмотров: 399 | Добавил: Nyka | Дата: 09.08.2013 | Комментарии (0)

«Ақтөбе» футбол командасы Европа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде исландиялық «Брейдабликпен» қарымта кездесу өткізді. Жауапты матч Исландия астанасы Рейкьявик қаласындағы «Лаугардалсвёллур» стадионында өтті. Айта кету керек, өз алаңында өткен алғашқы ойында «Ақтөбе» 1:0 есебімен қарсыласынан басымтүскен еді. Кездесу нәтижесін букмекерлік кеңселер екі команданың да жеңіске жетудегі көрсеткіштері тең дәрежеде деп болжаған болатын. Нақтырақ айтсақ, «Брейдаблик» жеңісі – 2.69, тең ойын – 3,3, «Ақтөбе» жеңісі – 2.69. Бүгін түнде Исландия астанасында өткен қарымта қайтару ойынында «ақтөбеліктер» есе жіберіп алды. Дегенмен де, жерлестеріміз матч соңындағы пенальтиде карсыластар қақпасына голл салып, жеңіске жетті. Сөйтіп, «Ақтөбе» футбол командасы Европа Лигасының келесі кезеңіне өтті. Бүгін кешке Европа Лигасының плей-офф ойындарына жеребе тарту рәсімі өтеді
Просмотров: 389 | Добавил: Nyka | Дата: 09.08.2013 | Комментарии (0)