<> Сидельников Ақтөбені келесі кезеңге алып шықты! - 9 Августа 2013 - СПОРТ САЙТЫ
Главная » 2013 » Август » 9 » Сидельников Ақтөбені келесі кезеңге алып шықты!
10:40
Сидельников Ақтөбені келесі кезеңге алып шықты!
«Ақтөбе» футбол командасы Европа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде исландиялық «Брейдабликпен» қарымта кездесу өткізді. Жауапты матч Исландия астанасы Рейкьявик қаласындағы «Лаугардалсвёллур» стадионында өтті. Айта кету керек, өз алаңында өткен алғашқы ойында «Ақтөбе» 1:0 есебімен қарсыласынан басымтүскен еді. Кездесу нәтижесін букмекерлік кеңселер екі команданың да жеңіске жетудегі көрсеткіштері тең дәрежеде деп болжаған болатын. Нақтырақ айтсақ, «Брейдаблик» жеңісі – 2.69, тең ойын – 3,3, «Ақтөбе» жеңісі – 2.69. Бүгін түнде Исландия астанасында өткен қарымта қайтару ойынында «ақтөбеліктер» есе жіберіп алды. Дегенмен де, жерлестеріміз матч соңындағы пенальтиде карсыластар қақпасына голл салып, жеңіске жетті. Сөйтіп, «Ақтөбе» футбол командасы Европа Лигасының келесі кезеңіне өтті. Бүгін кешке Европа Лигасының плей-офф ойындарына жеребе тарту рәсімі өтеді
Просмотров: 390 | Добавил: Nyka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email:
Код *: