<> Шахтер Сельтикпен,Ақтөбе украиналық Динамомен кездеседі. - 9 Августа 2013 - СПОРТ САЙТЫ
Главная » 2013 » Август » 9 » Шахтер Сельтикпен,Ақтөбе украиналық Динамомен кездеседі.
18:08
Шахтер Сельтикпен,Ақтөбе украиналық Динамомен кездеседі.
Қарағандылық «Шахтер» футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде шотландиялық «Селтикпен» кездеседі. Алғашқы ойын Астанада 20 немесе 21 тамыз күні, қарымта ойын Шотландияда 27-28 тамызда өтеді. «Селтик» - шотландиялық Глазго қаласының футбол клубы. Шотландия Премьер-Лигасында өнер көрсетеді. Команданың стадионы - «Селтик Парк», сыйымдылығы - 60 832 адам. Еске сала кетейік, «Шахтер» Чемпиондар лигасын екінші раундтан бастаған болатын. Онда қарағандылықтар екі матчта да беларусьтік «БАТЭ» командасынан 1:0 есебімен басым түскен еді. Кейіннен албаниялық «Скендербеумен» кездесіп, ондағы екі ойын нәтижесі 5:3 болған (Астанада өткен ойында 3:0 есебімен жеңсе, Тиранада өткен ойында 2:3 есебімен жеңілген еді). «Селтик» командасы да «Шахтер» сияқты Чемпиондар лигасын екінші раундтан бастады. Ондағы қарсыласы – солтүстік ирландиялық «Клифтонвилл» клубы болды. Екі ойында да шотландтықтар 3:0, 2:0 есебімен жеңіске жеткен. Ал, үшінші раундта жалпы есепте 1:0 есебімен шведтік «Эльфсборг»командасынан басым түсті Европа лигасының соңғы раундында «Ақтөбе» украиналық «Динамо Киев» командасымен кездеседі. Алғашқы ойын Ақтөбеде 22 тамызда өтсе, қарымта кездесу 29 тамыз күні Украина астанасы Киевте өтпек. Еске сала кету керек, «Ақтөбе» алғашқы раундта армяндық «Гандзасарды» жеңсе, екінші раундта норвегиялық «Хеддтен» басым түсті. Ал үшінші раундта исландиялық «Брейдабликті» тізе бүктірген болатын.
Просмотров: 401 | Добавил: Nyka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email:
Код *: