<> Владимир Кличко түнгі клубта төбелес шығарды - 3 Августа 2013 - СПОРТ САЙТЫ
Главная » 2013 » Август » 3 » Владимир Кличко түнгі клубта төбелес шығарды
11:49
Владимир Кличко түнгі клубта төбелес шығарды

КличкоКешелі бері әлемдік ғаламтор украинның атақты кәсіпқой боксшысы Владимир Кличконың Испаниядағы Ибицаның түнгі клубтарының бірінде өзінің бұрынғы қарсыласы Дерек Чисорамен шекісіп қалғаны туралы ақпаратқа тұнып тұр.

«Испания курортына демалуға келген ауыр салмақтағы қос бокс­шы күтпеген жерден түнгі клубта кездесті. Бір-бірлерін көрген бойда сөзге келісіп қалған 37 жастағы украин мен 29 жасар британиялық жігіттің ұстасуы көп ұзамай төбелеске ұласты. Олардың текетіресін тек клубтың уақытында жеткен күзетшілері ғана әрең айыра алды», – делінген сол дереккөздердің бірінде.

Мұндай оқиғаның орын алғанын Чисораның жаттықтырушысы Дон Чарльз да жоққа шығара қоймады.

«Иә, екі боксшының бір-біріне деген көзқарасы түзу деп айту қиын. Бірақ олар демалып жатқан жерлерінде түнгі клубта жоқ жерден жолығып қалды», – деп мәлімдеді ол.

Естеріңізде болса, өткен жылдың ақпан айында Дүние­жүзілік бокс кеңесінің (WBC) нұсқауы бойынша әлем чемпионы атағы үшін тартысты кездесу алдында өткен өлшеу рәсімі кезінде британиялық боксшы украиналық қарсыласы Виталий Кличконың жағынан шапалақпен тартып жіберген еді. Келесі күні кездесу қарсаңында шымқай қара түсті жігіт бәсекелесінің інісі Владимир Кличконың бетіне түкіріп жіберген болатын.

Сол кезде Виталий англиялық бәлеқорды бұл қылығы үшін шаршы алаңда сыбағасын беретінін айтып еді. Ақыры соңында Клич­ко­лар­дың үлкені сол сөзінде тұрып, қарсыласын рингте біраз төпелеп алды. Бірақ, нокаутқа түсіре алмады. Ол осылайша Чисораны ұпай санымен жеңіп шықты.

Артынан Бүкіләлемдік бокс кеңесі Чисораны әлгіндегі әдепсіз қылығы үшін жазаға тартып, оған $50 мың айыппұл салған болатын. Алайда, бұл жаза британдық спортшыны ақылға шақыра алмаған тәрізді. Кличкомен болған кездесуден кейін бірнеше сағаттан соң-ақ баспасөз мәжілісі үстінде ол Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) нұсқауы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Дэвид Хэдпен ұстасып үлгерді. Тіпті, сол оқиғадан кейін ол Дэвидті атып өлтірем деп қорқытқанын да жұртшылық әлі ұмыта қоймаған шығар.

Міне, сол Дерек тағы да көргенсіз әрекетімен көзге түсіп отыр. Дерекке өзі не керек?

Просмотров: 492 | Добавил: Nyka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email:
Код *: