<> Құрама ойыны түзелсе,игі.... - 16 Августа 2013 - СПОРТ САЙТЫ
Главная » 2013 » Август » 16 » Құрама ойыны түзелсе,игі....
09:53
Құрама ойыны түзелсе,игі....











Жақында іссапармен Мәскеуге бардым. Барар жолда,қасыма бірнеше серік табылды. Армян,өзбек,қазақ болып Мәскеуге барар жолда сыр шертістік. Жол бойы аузымыз жабылмай айтқан тақырыбымыз-футбол болды...

Әлқиссаны,армян бауырымыз бастап,өз футболының қарыштап дамып келе жатқанын айтты.

Украинаның"Шахтерінде" доп тебетін Мхитарянның жақында басқа басқа емес әйгілі Дортмундттық "Боруссия" сапына алынғанын мақтанып айтты. Одан кейін сөзге өзбек көршіміз араласты. Оның айтары көп екен. "Келесі жылы әлем бірінішілігіне барамыз" деп сенімді болып отыр. Әділ Ахметов сияқты белді футболшыларын атағы "Арсенал" шақырып жатыр екен.

Одан кейін,қазіргі қазақ футболы туралы айттым. Клубтарымыздың соңғы жетістіктерін айтып,мақтандым...Сол сәтте өзбек бауырымыз қызық сұрақ қойды...
Нұрлыбек неге Қазақстан құрамасы туралы айтпайсың?
-Сол сәтте не айтарымды білмей,сол баяғы Сербияны жеңгенімізді айтып,ситуациядан шыққандай болдым...Әйтпесе,қазіргі Қазақстан құрамасымен мақтанамын деп айта алмаймын... Келімсекке толған құраманың ауыз толтырып айтар жетістігі жоқ.

Сол бір әңгімелер осы бір мақаланы жазуға түрткі болды...

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы... Бұл жерде ұлттық құрама дегеннен гөрі,келімсектер құрамасы десек,ешкім таңқалмасы анық. Өзіміздің футболшыларды ұлттық құрамаға шақырмай,қайдағы бір келімсекке сенетіндей дәрежеге жеттік пе? Коробкин,Дмитриенко,Мулдаров сынды бірде бар бірде жоқ футболшылардың өзіміздің өрендерден асып бара жатқан түгі де жоқ. 150 орынды Фифа сатысында иеленгеніміз тағы бар....Кейбіреулер айтып жатады,шетелден футболшы келсін бірақта,оның деңгейі жергілікті футболшылардан бір саты жоғары болсын деп...Өз басым,оған мүлде қарсымын. Месси немесе Ронолдудың деңгейінде футболшы болсын,төлқұжатты беріп,төрге шығарғанымыз дұрыс емес. Алаңда тас талқан болып жеңіліп жатсада,өз ұлдарымыздың жасыл алаңда көп болғанын қалаймын. Тәуелсіздік алғалы жиырма жылдан асты...Ал әлемдік аренада ойнап жүрген футболшылармыз жоқтың қасы...Біздің басқалардан неміз кем? Бізбен бірге егемендік алған Армения,Өзбекстан сияқты елдердің ұлттық құрамалары қазір бізден көш ілгері. Көрші өзбек құрамасы әлем бірінішілігіне баруға бір қадамы ғана қалды.

Кеше ғана өткен Грузиямен матчта ұлттық құрама жеңіске жеткенмен,көбіміз асыр салып қуанбағанымыз анық. Себебі,Беранектің командасы алаңда "қорқақ футбол" көрсетті. Бар басымдықты грузиндерге беріп қойып,90 минуттың 90 пайызын қорғаныста өткізді. Тек "Шахтердің" белді шабуылшысы Сергей Хижниченко бір соққымен қарсылас қарымын басқандай болды. Пан Беранек бірінші минуттан шығарған Богданов,Коробкин деген футболшылар ойын ережесін бұзумен ғана ерекшеленді. Негізі екеуінің алаңдағы позициясына қарасақ,шабуыл ұйымдастырар футболшылар,бірақта олар кеше өңдіріп ойнай алмады. Оның орнына Көкеев,Байжанов сияқты футболшыларымызды шығарғанда сәл де болса шабуыл шығар еді...


Бір қуантатыны,құрамаға Нұрбол Жұмасқалиевтің қайта оралуы. "Тобылдың" жүрегіне айналған футболшы кеше орта тұстан мерген Хижниченкоға керемет пас тастап,соны голға айналды.  Ойыннан кейін Беранек Самат Смақов күзгі іріктеу ойындарына шақырылуы мүмкін дегенді айтты. Кезінде атой салған саңлақтар басы қосылса,бірдеңе шығары анық.  Құрамамыз 2014 жылы өтер мундиальға бармаса да,күзгі ойындарда  қарсыласты жеңіп,жүз жылдыққа жанкүйерді жүйелі ойынмен қуантса игі...
Просмотров: 439 | Добавил: Nyka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Gaziz  
0
Тема маскеу бардым де?

Имя *:
Email:
Код *: