<> КЕНШІЛЕР ҚОМАҚТЫ САЙАҚЫ АЛДЫ.... - 3 Августа 2013 - СПОРТ САЙТЫ
Главная » 2013 » Август » 3 » КЕНШІЛЕР ҚОМАҚТЫ САЙАҚЫ АЛДЫ....
12:04
КЕНШІЛЕР ҚОМАҚТЫ САЙАҚЫ АЛДЫ....
«Шахтер» клубының басшылығы команда Еуропа Чемпиондар лигасының кезекті айналымына өтсе 200 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы бөлетіндерін хабарлады. 


Өз алаңында Албанияның «Скендербеу» ұжымын 3:0 есебімен ұтқан кеншілер сол қомақты қаржыны бөліске салуға жақын тұр.


Бірақ әрине албандықтар да жауап ойында қарап қалмайды. «Скендербеудің» бас бапкері Астанадағы баспасөз мәслихатында қанша жерден жеңіліске мойынсұндық десе де, арқаны кеңге сала алмаймыз. Бәлкім айлакер бапкер әдейілеп солай айтқан шығар. Әрине Виктор Кумыков бастаған біздің мамандар қарымта кездесуде еш босаңсуға болмайтынын жақсы түсінеді.

Өз кезегінде «Скендербеу» командасының басшылары да футболшылар мен клуб қызметкерлеріне қос кездесудің нәтижесі бойынша «Шахтерді» ұтса сыйақы беруді уәде етіпті. Албандар алғашқы ойыннан кейін мүмкіндігі төмен саналатындықтан командаға 350 мың евро көлемінде сыйақы бөлетіндерін мәлімдеді. Әлбетте негізгі құрам ойыншылары мен гол авторлары және нәтижелі пас шығарған футболшылар бөліске түскен сыйақыдан көбірек үлес алады.

Қарағандылық клуб басшылығы уәде бойынша, «БАТЭ» бөгетінен өткені үшін командаға 150 мың АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы бөлуге тиіс.Қарағандының «Шахтер» командасы 6 тамыз күні Албания елінің астанасы – Тиранада өтетін жауап ойында өздеріне қажетті есепке қол жеткізсе, мәртебелі жарыстың төртінші іріктеу кезеңіне жолдама алады. Дәл осы тұста командамыз қарт құрлықтың мықтыларымен бетпе бет келетін болады. Ал төртінші айналым кедергісінен өте алмай қалса қарағандылықтар бірден Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтеді. Әрине біз үшін «Шахтердың» қарт құрлықтағы ең беделді клубтық дода - Чемпиондар лигасы бәсекесінде бақ сынағаны қажет.

Просмотров: 473 | Добавил: Nyka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 3
3 Аслан фан(FCB  
0
иа тек кана алга Карагандылык Шахтёр биз сендерге сеенемиз букил казакстан болып колдау корсетемиз тек алга!!!!!!

2 KADYR  
0
SHAXTER ALGAAAA

1 Манас Галымжан(фан FСВ)  
0
АЛГАА ШАХТЕР!

Имя *:
Email:
Код *: