<> Футбол әлемінен ерекше оқиғалар - 1 Августа 2013 - СПОРТ САЙТЫ
Главная » 2013 » Август » 1 » Футбол әлемінен ерекше оқиғалар
17:25
Футбол әлемінен ерекше оқиғалар

Өз басым футбол десе ішкен асымды жерге болмаса да дастархан үстіне қойып қоятынадамдар қатарынанмын. Футбол әлемі қызықтырса төмендегі ерекше оқиғаларды оқи отырыңыз: 




1. Камерунда студенттердің футбол чемпионатында бір командаға 3-0 есебімен техникалық жеңіліс есептелді, оған себеп команда капитаны қарсылас команда капитанының қолын алудан бас тартып, орнына шортасын шешіп… жалаңаш құйрығын көрсеткен. Мұның өзі әдейі жасалған еді, себебі ұтылған команда 3:0-ден үлкен есеппен ұтылғанда төменгі лигага ұшыпкетер еді. 
2. Испанияның 2-ші лигасының кезекті бір матчында ойын аяқталуға 3 минут қалғанда, қарсылас екі команда ойыншылары төрешіге наразыболып қоршап, сөзбен және іспен ақылға келтіруге тырысты. Бұл жағдайда судья асқан сабырлық көрсетіп алаңдағы 22 ойыншыға қызылқағаз көрсеткен. 



3. Футбол тарихында төреші өзіне қызылқағаз көрсеткен оқиға 2 рет кездескен:Энди Уэйн«Питерборо Норт Энд» — «Роял Мэйл» матчының төрешісі,Мелвин Силвестр«Саутгемптон Армс» — «Херстборн Таррант БритишЛегион» матчының бас қазысы.Энди Уэйн кезекті қарсылығынкөрсеткен қақпашыға жүгіре барып уақытында өзін тоқтатып өзіне өзі қызыл қағазберген, себебі қақпашыға қол жұмсауы мүмкін еді. Мелвин Силвестр өзін итерген ойыншыға бірнеше соққы беріп барып өзіне қызыл қағаз көрсеткен. 

4. Бразилияда футбол матчы кезінде жел парашютшілер тобын футбол алаңына айдап түсірген. Ең қызығы бір парашютші қақпашыға барып соғылған, сол сәтте қақпашы соққыны қайтаруға дайындалып жатқанеді. Нәтижесінде доп қақпада тулап жатты, судья голды команда қарсылығына қарамастан санайды. Судья мұнысын парашютист«ЖОҒАРҒЫ КҮШтердің» араласуымен пайда болды деп түсіндірген. 


5. 1969 жылғы Әлем чемпионатын іріктеу кезеңіндегі Гондурас құрамасының Сальвадордан жеңілуі екі мемлекет арасындағы 6 күндік соғысқа себеп болды. 

6. Бразилиялық футболшы Джоване Элбер матчтың 1-ші таймында төрешімен сөйлескені үшін сары қағаз алады. Қызығы ол 2-ші таймға ауызын қызыл скотчпен(қазақшасын таппадым) жапсырып шыққан. 
Жалғасы бар… 



Дайындаған : Кадыр Мансур
Просмотров: 531 | Добавил: Nyka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Nursat  
0
xexe

Имя *:
Email:
Код *: