<> Қазақ стадиондары қандай деңгейде? - 3 Августа 2013 - СПОРТ САЙТЫ
Главная » 2013 » Август » 3 » Қазақ стадиондары қандай деңгейде?
19:58
Қазақ стадиондары қандай деңгейде?
«Актобе» — «Брейдаблик» 1:0. Хайруллин приносит победу


Саламат ОҢАЛДЫҚОВ



 Тәуелсіз қазақ елінің стадиондары әлемдегі ең әдемі ареналардың бірі болмаса да, жанкүйерлер үшін ыстық. Зәулім-зәулім алаңдарымыз бірді-екілі болғанымен қазақ футболы ақырындап дамып келе жатыр. Ендігі кезекте еліміздің әдемі де, көрікті ареналарына көз жүгіртсек.

Актобе

Қазақ футболының бірнеше дүркін чемпионы, әрі Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде мерейімізді асқақтатып жүрген «Ақтөбе» командасының жергілікті алаңы болып саналатын «Қобыланды батыр атындағы орталық стадион» 1975 жылы бой көтерген болатын. Қазірде арена13 500 жанкүйер сыйғыза алады екен. Соңғы рет алаң 2000 жылы күрделі жөндеуден өткен болатын. Стадионның архитекторы Костин Алексей.

Астана
Қазақстанның ең әдемі стадионының бірі ол әрине-»Астана Арена». 2009 жылы негізі қаланған арена 30 000 адамды сыйғыза алады. Елордамызда орналасқан алаңымыз «Астана», «Бәйтерек» командалары және Қазақстан құрамасының негізгі алаңы болып саналады. Стадионда футболдан басқа да спорт түрлерінің үйірмелері бар. Олар-дзюдо, бокс, күрес түрлері, т.б. Аренаның бір ерекшелігі алаңның төбесі 20 минут ішінде ашылып жабыла алады.

оскемен


Қазақстанның бірінші лигасынан премьер-лигасына ауысқан «Восток» клубының алаңы Өскемен қаласында орналасқан. Стадионның атауы да «Восток» болып келеді екен. Аренаға кем дегенде 8 500 жанкүйер с
ияды. Стадион 1963 жылы қаланып, 2010 жылы Өскемен қаласының әкімінің қолдауы бойынша күрделі жөндеуден өткен болатын. Жөндеуге 600 млн. теңге қаржы кеткен.
талыдкорган


Қазақстан премьер-лигасында бірнеше жылдан бері ойнап жүрген «Жетісу» клубының алаңы да «Жетісу» деп те аталады. Бұрынғы атауы «Спартак» болған екен. 1982 жылы бой көтерген арена Талдықорған қаласында орналасқан. Алаңға 5 500 адам сыйады. Стадионда футболдан басқа концерт-шоулар болып тұрады.
атырау


Батыс өңіріндегі «Атырау» командасының алаңы «Мұнайшыға» 8 660 жанкүйер сыйады екен. Аренаның негізгі атауы «Мақаш Бекм
ұхамбетов атындағы орталық стадион» мұнайлы өлке Атырауда орналасқан. 1950 жылы негізі қаланған жасыл алаң 1999 жылы күрделі жөндеуден өткен болатын. 2008 жылы стадионның ішіне бассейн кешенін қосқан.
алматы


Қазақстан құрамасының және де «Қайрат» командасының қаншама жылдан бері жергілікті алаң болып саналып келе жатқан Алматы қаласындағы «Орталық стадион» 1958 жылы бой көтерген болатын. 2009 жылы ашылған «Астана Арена» Қазақстан құрамасының жергілікті алаңы болып саналғандықтан «Орталық стадионда» құрамамыз ара тұра жолдастық матчтарын өткізіп тұрады. Арена 33 804 жанкүйер сыйғызып тығыздығы жағынан үлкен алаңның бірі.

Костанай


Бидайлы өлке Қостанайда орналасқан «Орталық» стадионы 8 050 жанкүйерді жайғыстыра алады. Қостанайлық клуб «Тобылдың» жергілікті алаңы болып саналатын арена 1964 жылы қаланған болатын. 2004 жылы неміс технологиясымен жасалған жасыл алаң төселген болатын.
павлодар


Керекулік «Ертістің» жергілікті алаңы болып саналатын «Орталық стадион» 1947 жылы бой көтерген болатын. Аренаның бұрынғы атауы «Трактор» болған. 2001, 2007 жылы күрделі жөндеуден өткен стадион УЕФА санатына сай болып келеді. 11 828 адам с
иятын алаңға Повладар қаласының әкімі зор үлес қосқан болатын. 2007 жылы стадион айналасына кішкентай жасыл алаңдар төселген болатын.
орал


Жайық өзенінің жағасында орналасқан Орал қаласының «Петр Атоян атындағы стадионы» 1927 жылы негізі қаланған болатын. Негізгі алаңы болып саналатын «Ақжайық» командасы 8 320 жанкүйерді сыйғыза алады. 2003 жылы қайта жөндеуден өткен стадион әлемдік стандартқа сай келеді. Арена атауы 1996 жылы Орал қаласының құрметті азаматы Петр Атоянға арналып қойған болатын. Қазақ даласындағы көне стадионның бірі. Ал 1998 жылы арена жасөспірімдер арасындағы допты хоккейден әлем чемпионатын өткізген.
шымкент


Мақталы өлке Шымкент қаласының ең үлкен стадионы ол әрине-»Қажымұ
қан Мұңайтпасов атындағы стадион». Қазақ күресін барша жұртшылыққа мойындатқанҚажымұқан атамыздың атындағы арена 1967 жылы қаланған болатын. Оңтүстік өңірдегі алаң 20 000 жанкүйерді сыйғызады. Тығыздығы жағынан Қазақстанда 3 орынды алатын стадионның жергілікті командасы «Ордабасы» осы алаңда ойындарын өткізеді.
караганды


Кенші өлке атанған Қарағынды қаласының клубы әрі былтырғы ел чемпион «Шахтердің» алаңы да «Шахтер» деп аталады екен. 1958 бой тұрғызған стадионға 19 000 адам с
ияды. 14 гектар жерді алған стадионда футболдан басқа жеңіл атлетика, бокс, пауэрлифтинг, бодибилдинг, хоккей, баскетбол, болейбол, мини-футбол және т.б. спорт түрлерінен жарыстар болып тұрады. Осылайша 2000 жылы алаңның айналасын 14 га көбейткен болатын.
тараз


2000 жылдық тарихы бар Тараз қаласының футбол клубы да «Тараз»
 деп аталады. Клубтың жергілікті алаңы «Орталық» стадион деп аталады екен. Аренаға кем дегенде 12 527 жанкүйер сияды . 1966 жылы қаланып басталған стадион 10 жылдан кейін бір ашылады, яғни 1976 жылы. Соңғы рет арена 2002 жылы күрделі жөндеуден өткен болатын. Стадионды салу үшін 176 млн. тенге кеткен.

Осылардың барлығы Қазақстанның премьер-лигасында доп теуіп жүрген командалардың жергілікті алаңдары болып саналады. Қазақтың кең жазира даласында неге көптеген әдемі стадиондар салмасқа. Әрине жер көп, арена аз. Неге қаншама алаңдар салып қазақтың қара домалақ балаларын футболға тартпасқа. Зәулім-зәулім стадиондар тұрғызып Әлем біріншілігін немесе Еуропа чемпионатын өткізбеске. Бір-ақ тілегіміз әдемі де, көрікті де стадиондарымыз бар деп мақтанатын күнге жеткізсін.


Просмотров: 661 | Добавил: Nyka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email:
Код *: