<> Пәле-жала аяқ астынан... - 8 Августа 2013 - СПОРТ САЙТЫ
Главная » 2013 » Август » 8 » Пәле-жала аяқ астынан...
08:43
Пәле-жала аяқ астынан...
Өткен аптада отандық телеарналар жағымсыз ақпарат таратып, елді елеңеткізді. Соның ішінде спорт сүйер қауым бұл хабардың рас-өтірігін білмей аңтарылып қалған. Оқиға былай болған: Таэквондодан Қазақстан құрамасы осыдан біраз уақыт бұрын нақтырақ айтсақ, шілденің 10-ы күні Мексикадағы әлем чемпионатына аттанады. Онда республикалық іріктеуден іркілмей өткен 11 спортшы және оларды бастап 4 бапкер кетеді. Жарыс аяқталып, елге келе жатқан жолда құрамада өнер көрсететін бір спортшымыз ойламаған келеңсіздікке тап болады. Мексикадан Ұлыбритания арқылы қатынайтын ұшақ ішінде18 жастағы Азамат Теңізбаев қасында отырған ұлыбританиялық қыз «мені жыныстық қатынасқа итермеледі» деп полицияға шағым түсірген.Ұшақ Лондон әуежайына қонған бетте жергілікті сақшылар Азаматтың қолына кісен салып, сөзге келместен бірден алып кеткен. Міне, сол күннен беріқарай Азаматқа тағылған айыптың рас-өтірігіне ел де, ата-анасы мен туыстары да көз жеткізе алмай келеді. Ал бұл іске байланысты Ұлыбританияда 23-ші тамызда сот отырысы өтпек. Cоңғы ақпаратқа қарағанда, Азамат Теңізбаев Лондондағы Фелтхам тергеу изоляторында отыр екен. Бірақ, жергілікті полициялар қазірге дейін, Азаматты туған-туыстарымен хабар­ласуға мүмкіндік бермей отырған көрінеді. Азаматтың ата-анасының қазір баласын жарысқа алып барған бап­кер­лер мен құрамаға жауапты тұлғаларға өкпесі қара қазандай. Ата-анасының айтуынша,құрамаға жауапты тұлғалар Азаматтың үстінен іс қозғалып, Лондонда тәртіп сақшылары алып қалғанда қасында біреуі қалмай, келесі ұшаққа отырып барлығы елге оралған. Істі болды деген айыппенұсталған Азамат жарыстан шаршап,ұшаққа отырған беттеұйқыға кеткен.Ұйықтап жатқанда бірқолықасында отырған ағылшынқызыныңденесіне тиіп кеткен. Олқыз спортшыныңбұлқылығын ерсі көріп, полицейлерге шағымданыпүлгерген. Лондонәуежайындаұшақбортына полицейлер көтеріліп, Азаматты алып кеткен. Ал, бапкерлері мен федерацияқызметкерлері алғашында туған-туыстарына «шу шығармаңыздар, мәселе шешіледі», деп сендірген. Алайда, арада аптаөткен соңшыдамаған туыстары дабылқағып,әділдік іздеп жатыр. Бұл іскеқазір еліміздіңСыртқы істер министрлігі де атсалысып жатыр екен. Министрлік Азаматтыңанасы Жазира Тілешоваға 20-тамызға дейін шетел асуға рұқсат беретінқұжаттарынәзірлеп беруге уәде етіпті. Сондай-ақ, отандасымыздыңмүддесін білікті адвокаттарқорғайды деп сендіріпті. Айта кетсек, осыдан тура 2 жыл бұрын да дәл осығанұқсас оқиға АҚШ-та тіркелген еді. Онда арнайы бағдарлама бойынша білім алып жүрген 20жастағы Жанболат Бақытбекұлына 11 жастағықыз балағаәдепсіздікәрекет көрсетті дегенайып тағылды. Бірақкейін отандасымыз ақталып шықты. Талғат Тілешев, Азаматтыңәкесі: – Алыпқалуыныңсебебіәуежайда баланыңқолы ағылшынқыздыңденесіне тиіп кеткен. Баламұйықтап жатқан. Оны бірқұдай біледі, тиді ме, тимеді ме, дәлелденген жоқ. Ал меніңұлым жағынан ол жерде онықолдайтын,қорғайтын ешкім болмаған. Не куәгерлер де ешкімді араластырмаған. Не болатынынәлі білмейміз. Жазира Тілешева, Азаматтың анасы: –Қазір баламныңқандай күйде екенін білмеймін. Сұрайтыным баламды қайтарсын!Баламды тезірекқұшағыма алғым келеді! Сотты тамыздың23-іне белгіледі. Енді біз айтсақ бапкерлері ешқайда шағымданбаңыздар дейді. Бейхабармыз, баламызбен сөйлестірмейді.Қазір Сыртқы істер министрлігі шетелге шығатын құжаттарымды рәсімдеп жатыр. Баламның үстінен ашылатын сот отырысына үлгеріп барсам деген ниеттемін. Оған дейінқұжаттарым жұмысы біте ме, бітпей ме білмеймін. Тезірек барып баламды көргім келеді. Шамсат Исабеков, таэквондо федерациясыныңпрезиденті: – Сол оқиға болғанұшақта мен де бармын. Мексикаданұшаққа кешкісін отырдық. Лондонға дейін 11 жарым сағатұшады. Түн ортасы. Жолаушылардыңбарлығыұйқыда жатқан.Әуе кемесінде жүздеген адам бар. Соншама адамотырғанда есі дұрыс адам ондай сорақылыққа бармайтыны белгілі. Азамат Теңізбаев ондай ессіз жігіт емес. Орындықтар арасы тым жақын, отыратын орындары да тар.Ұйықтап жатқан баланың қолы байқамай шағымданушы қыздың бір жеріне тиіп кеткен болу керек. Олқыз онықате түсініп,әдепсіздік танытты деп шағымданған. Таңата Лондонға келіп қонғанда жергілікті полицейлер қаптап кетті. Бізді ұшақтан түсірмей,әбігерге салды. Біз не болғанын сол кезде барып, бірақбілдік. Сенер-сенбесімізді білмейқалдық.Қолымыздан келгенше жағдайды сұрап, баланықұтқарыпқалуға тырыстық. Тіпті, Арман Шылманов пен Мұрат Темірғалиев екеуіқалатын болды. Бірақ, мерзімі шектеулі визамен басқа елден келе жатқан азаматтардың жол-жөнекей ол елгеқалуына болмайды екен. Ал ата-анасы баламызды тастап кеттіңдер деп бізге өкпелейді. Ол басқа ел, біздің ойлағанымыздай болса алып келер едікқой. Бізқазір де қолдан келгенше ата-анасына көмектесуге дайынбыз. Алайда еларалық істі федерация қалай шешеді. Бұны еліміздегі белгілі құзырлы органдар мен Сыртқы істер министірлігі шешеді. Не болса да 23 сотта шешіледі. Шулағаннан пайда жоқ. Дайындаған:КҮНСҰЛТАН ОТАРБАЙ
Просмотров: 618 | Добавил: Nyka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email:
Код *: